Бүгiн 2026, 15:52 Фото: pixabay

Ақтөбе облысында оқушы жүкті болып қалған: Қылмыстық іс қозғалды

Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілуде.

Ақтөбе облысында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім жүкті болып қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полиция жасөспіріммен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта заңнамада көзделген барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілуде. Аталған қылмыстық істің тергелу барысы облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауында, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін 15 жастағы қызды жүкті еткен 70 жастағы зейнеткерге сот үкімі шықты