Ақтөбе облысында оқушы өгей атасынан жүкті болған: Сүлейменова пікір білдірді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс кулуарында Ақтөбе облысында өгей атасы, яғни әжесінің күйеуінен жүкті болған кәмелетке толмаған қызға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ерте жүктілік фактісіне қатысты тергеу жүріп жатқанын айтып, бұл мәселенің жүйелі шешімі ретінде мектептерге акушер-гинеколог мамандарын қайтару қажеттігін жеткізді. Министр жағдайдың психологиялық салдарын ескере отырып, жасөспірімдердің әрі қарай білім алуына жағдай жасау – басты міндет екенін атап өтті.

Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл, әрине, өкінішті жағдай. Ерте жүктілік мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі. Жүйелі мемлекеттік тұрғыдан шешімге келетін болсақ, қазіргі таңда мектептерде акушер-гинеколог деген нақты маман жоқ. Соны қайтару мәселесі бойынша біз қазір Денсаулық сақтау министрлігімен жүйелі жұмыс бастап жатырмыз, – деді Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, бұл жайтқа өңірдің Полиция департаменті өкілі пікір білдірген болатын.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Қазір соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Істің тергелу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деді Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Болат Көшқалиев.

Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іске күдікті ретінде кәмелетке толмаған қыздың өгей атасы, яғни әжесінің күйеуі тартылды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанып, күдікті "әке" қамауға алынды.

Сондай-ақ, 14 жаста босанған ақтөбелік оқушы туралы тың дерек шықты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы