Ақтөбе облысында мекеме басшысы жауапкершілікке тартылды

Ақтөбе облысында қызметіне сәйкес келмейтін бөлім басшысына тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Сәкен Қасымов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті жуырда Ақтөбе облысы Алға аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының сәйкес пәтер сатып алу мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара жүргізілген. Аудиторлық тексерудің нәтижесінде әлеуетті жеткізушінің өтінімі конкурсқа негізсіз жіберілмегендігі анықталған.

Қабылданған іс-шаралары бойынша біздің департамент мекеме басшысына шара қолдану туралы нұсқама жіберді. Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңестің шешімінің негізінде Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімінің 2024 жылғы 27 мамырдағы №137 өкімімен аталған мекеменің басшысына қатысты қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. 

Біз осы оқиғаны мысал ретінде ала отырып, жауапты тұлғаларға алдағы уақытта заңнама талаптарын сақтауды және адал бәсекелестік ортаны қалыптастыру керектігін ескертеміз, — дейді департамент басшысы Сәкен Қасымов. 

Айта кету керек, бұған дейін Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мамандары Мұғалжар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне аудиторлық тексеру жүргізіп, аталған ауданда халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасылар үшін салынып тұрғын үйге қатысты бұзушылықты анықтаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы