Ақтөбе облысында мас күйде автобус жүргізген азамат ұсталды

Ақтөбе облысында мас күйде автобус жүргізген азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік тәртібін арттыру мақсатында 2-5 мамыр аралығында облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Облыстың автожолдарында өткізілген іс-шараның бірінші күні қоғамдық көлік және такси жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 75 дерегінің жолы кесілді, оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың 27 фактісі, жылдамдық режимін бұзудың үш фактісі, қарсы қозғалыс жолағына шығудың бір дерегі, қозғалыс кезінде телефон пайдаланудың алты фактісі, сондай-ақ жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың бір фактісі анықталды.

Мысалы, 3 мамырда патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін ПАЗ автобусын тоқтатты. Тексеру кезінде бір фирманың қызметкерлерін тасымалдайтын автобус жүргізушісінің масаң күйде болғаны анықталды.

Автобус арнайы автотұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы