Ақтөбе облысында көлік өзенге аударылып, жүргізуші қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында көлік өзенге аударылып кетті. Жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Daewoo Lanos автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі, Қурайлы кентінің тұрғыны Алға ауданының далалы жолымен жүріп келе жатқанда рөлді басқара алмай, Қарахобда өзеніне аударылып кеткен.

 Су көлік ішіне толып, жүргізуші қаза тапты. 

ЖКО жағдайлары анықталып жатыр.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы