Бүгiн 2026, 12:14 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Домбыраны "харам" деген ер адам қамауға алынды

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әлеуметтік желіде ақтөбелік ер адамның ұлттық аспаптың бірі домбыраны харам деген видеосы тарады. 

Ханафи масхабында шиіттік аспаптар, гитара, домбыра, балалайка харам болып есептеледі, - дейді ер адам. 

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жергілікті тұрғынға қатысты діниараздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегіараздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікірлер жариялаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды.

Қамауға алынды

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ескерту

Полиция әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздырузаңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Домбыра харам ба? 

Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының XXI отырысының кулуарында домбыра харам емес екенін айтып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу үшін заң керегін айтқан болатын.