17 Наурыз 2023 2023, 09:15
Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді. Осы факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдіктілердің үшеуі ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, қамауға алынды.