Ақтөбе облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілді

Қызылқоға ауданы Миялы ауылында су тасқынының алдын алу шаралары күшейтулі түрде жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында жауын-шашын (қар және жаңбыр түріндегі) мөлшері көп жаууы мен ауа-райының күрт жылынуы салдарынан, Ойыл өзенінің деңгейі 3 тәулік ішінде 4,80 метрге дейін көтерілген болатын. Бүгінгі күні су деңгейі 3,82 м құрайды (0,98 м төмендеді).

Қызылқоға ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті және ЖАО қызметкерлерімен, еріктілер, ауыл тұрғындарымен бірлескен түрде Миялы ауылында суға кету қауіпі бар қауіпті учаскелеріне құм толтырылған қаптар дайындап, төсеуде.

Қазіргі уақытта ТЖД мен ЖАО күштерінің және жергілікті тұрғындардың көмегімен 45,7 км қашықтықта жалпы аумақта бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Қызылқоға ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы