Кеше 2026, 23:55 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Атырауда өрт кезінде екі бала құтқарылды

Өрт толық сөндірілді.

Бүгін Атырау қаласының Лесхоз ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде екі қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны анықталды.

Құтқарушылар екінші қабаттағы пәтерде қалған екі баланы баспалдақ арқылы эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығарды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.