Ақтөбе облысында апатқа ұшыраған Бішкек-Самара пойызы жолға қайта шықты

Ақтөбенің Біршоғыр бекетінде рельстен шығып кеткен жолаушылар пойызы жөндеу жұмыстарынан соң қайта қалпына келтірілді. Пойыз Самараға қарай бағыт алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бершүгір стансасында жолаушылар пойызы мен маневр тепловозы соқтығысқан болатын. Таңғы сағат 10:20-да тоқтаған пойыз қайта жолға шықты. "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бішкек-Самара бағытындағы пойыз сағат 16:00-ден кейін  аттанды.

Аталған оқиға Қандыағаш стансасындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестріне алынды. Іс Қылмыстық Кодекстің 344-бабы 1-бөлігімен қозғалды, яғни теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша тіркелді, - деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: smotrim.ru
Өзгелердің жаңалығы