31 Наурыз 2024 2024, 15:28
Фото: видеодан кадр
Ақтөбе облысында адамдарды тікұшақтармен эвакуациялау жалғасуда
Ақтөбе облысындағы су тасқыны аймағынан адамдарды әскери тікұшақтармен эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысындағы су тасқыны аймағынан адамдарды әскери тікұшақтармен эвакуациялау жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының күшімен Қорғаныс министрлігімен бірлесіп кезекті арнайы операция өтті.
Есіл ауданының Көптоғай ауылдық округінің су басқан аймағынан құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен 7 жергілікті тұрғынды эвакуациялады.
Зардап шеккендер жоқ.