Ақтөбе облысында 916 жүкті әйел ЖРВИ-мен ауырған

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 916 жүкті әйел ЖРВИ-мен ауырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев айтып берді.
Оның айтуынша, былтырдан бері облыста ЖРВИ-мен 407 777 адам ауырған. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 61,19 пайыз болса, бір жасқа дейінгі балалардың үлесі — 6,2%.

Жүкті әйелдер арасында 2023 жылдың 40 аптасы мен 2024 жылдың 36 аптасы аралығында 1819 жағдай тіркелді. Үлес салмағы 0,45 пайыз болса, аурушаңдық көрсеткіші — 4,36. Полимеразды тізбек реакциясы әдісімен 2034 үлгі зерттеліп, оның 10-ы (0,49%-ы) оң нәтиже көрсетті. Мұның барлығы — тұмаудың А типі. Тіркелген науқастардың 8-і (80%-ы) 14 жасқа дейінгі балалар болса, біреуі (10%-ы) — бір жасқа дейінгі бала. Ал тұмау биыл жүкті әйелдер арасында тіркелмеді. Жалпы, тұмаумен ауырғандардың 9-ы Ақтөбе қаласында тұрса, біреуі — Алға ауданының тұрғыны, — дейді Мұхтар Сербаев. 

Оның айтуынша, биыл облыста ЖРВИ-мен ауырған 2688 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың ішінде 320-дан астамы жүкті әйел болса, 736-сы — балалар.
Сондай-ақ 10 адам тұмаумен ауруханаға жатқызылса, 480-ге жуық науқас пневмониямен ауырып, ем алған. Жансақтау бөлімінде үш тұрғын ұзақ мерзім емделген.

Биыл Ақтөбе облысы бойынша 186 мыңға жуық тұрғын тұмауға қарсы екпе салдыруға тиіс. Бұл — облыс халқының 19,9 пайызы.Оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан жоспарланғандар саны — 109 400. Келер аптадан бастап облыста жаппай екпе салу науқаны басталады, — дейді Мұхтар Сербаев.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, тұрғындар тұмауға қарсы екпені тегін және ақылы түрде облыстағы барлық емханадан алуына болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы