Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысын өлтіріп кеткен
Қайғылы оқиға 2 қыркүйекте Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңесту ауылында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Жанжал сабақтан тыс уақытта, яғни түнде болған. Оқыс оқиға салдарынан 9-сынып оқушысы көз жұмды.
Жанжалдасқандар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Екі күдікті анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанның сөзінше, ұсталған балалар толық отбасыдан шыққан. Есепте болмаған.
Қазір мектепте балалар арасында қауіпсіздікті күшейту, тәртіпті қатаңдату, буллингтің алдын алу шаралары қолға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қошанов әскер қатарындағы заңсыздықтардың жиілегенін айтты
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы