Ақтөбе облысында 80 адамды эвакуациялады
Осы сағаттарда Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Сырлыбайұлы Жүнісовтың басшылығымен құтқарушылар эвакуациялық жұмыстарды аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігінің тікұшағында құтқарушылар Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады.
Эвакуацияланған тұрғындар Ырғыз ауданындағы Т. Жүргенов атындағы мектепке жеткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамырсу елді мекенін су басу қаупі туындады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға тырысқақ ауруы бойынша ескерту жасады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы