Ақтөбе облысында 7,3 мыңнан астам жұмыс орны құрылады - әкім
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беріп жатыр, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкіметке және облыс әкімдеріне нақты міндеттер қойған болатын. Ол - экономикалық өсу қарқынын сақтау, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру, - деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Әкім Ақтөбе облысында қоғамдық-саяси тұрақты екенін атап өтті. Айтуынша, барлық өзекті сұрақтар өз бақылауында.
2023 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында тұрақты макроэкономикалық жағдай сақталуда. Орташа айлық жалақы 291 мың теңгеге жетіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,8 пайызға өскен. Инвестиция тарту бойынша облыста қолайлы инвестклимат қалыптасқан. Оған бірден бір дәлел биыл 1 трлн теңгеден астам инвестиция тарту қарастырылған. Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында өңірде 2023-2025 жылдар аралығында 7,3 мыңнан астам жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін 2,8 трлн теңгеге 16 маңызды жобалар іске асырылмақ, - деді облыс әкімі.