Ақтөбе облысында 7 адам мінген алты көлік қар құрсауынан шығарылды
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында 7 адам мінген алты көлік қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ таратқан мәлімдемесіне сай, құтқарушылар көліктерді қардан сүйреп шығарды. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.
ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен алысқа шығудан аулақ болуды ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Брюссельде 2025 жылғы соңғы ЕО саммиті өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы