Ақтөбе облысында 650 млн теңге көлеміндегі бұзушылықтар анықталды

Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен білім беру саласындағы қаржылық тәртіпті нығайту бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы орайда, Ақтөбе облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторлары 650 миллион теңге көлемінде бұзушылықтарды анықтады. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 188,6 млн теңге, ал процедуралық бұзушылықтар 464,2 млн теңгені құрады.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде 29 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 92 хаттама толтырылды, ал 57 қызметкер тәртіптік жаза алды.

Сонымен қатар, 2 аудит материалы бойынша бухгалтерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бүгінгі таңда бюджетке 123,1 млн теңге қайтарылып, 1,2 млн теңге қалпына келтірілді.

Атап өтсек, бұл аудит қорытындылары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аумақтық департаментінің кеңейтілген отырысында қаралды.

Отырыс барысында қатысушылар бухгалтерлік құжаттарды цифрландыру, біріңғай есеп жүйесін енгізу, сондай-ақ білім беру саласындағы ұрлықтардың алдын алу мақсатында превентивті шаралардың маңыздылығы мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы