Кеше 2026, 17:21
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында 540 жолаушы пойызбен эвакуацияланды
Бұған автожолдың бір бөлігінің жабылып қалуы себеп болған.
Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райына байланысты Қандыағаш – Ақтөбе автожолының бір бөлігі уақытша жабылған соң, 540 жолаушы теміржол арқылы жедел жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қандыағаш станциясынан 139 адам №613 «Маңғыстау – Орал» пойызымен Ақтөбе қаласына жөнелтілген. Ал Алға станциясынан 122 жолаушы тасымалданды: олардың 50-і №613 пойызбен, ал 72-сі №109 «Маңғыстау – Ақтөбе» пойызымен жолға шыққан.
Сонымен қатар Ақтөбеден №110 «Ақтөбе – Маңғыстау» пойызы 279 жолаушыны Бестамақ, Алға, Тамды, Қандыағаш және Шұбарқұдық станцияларына жеткізді.
Жолаушыларды көбірек тасымалдау үшін №110/109 пойыздарының құрамына қосымша плацкарт вагоны тіркелген.
Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі қозғалыстың ең сенімді әрі қауіпсіз түрлерінің бірі болып қала береді, – деп атап өтті ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі.