Ақтөбе облысында 51 305 текше метр су сорылды

Ақтөбе облысында су тасқынына қарсы белсенді іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сайтына сілтеме жасап.

Облыс аумағында 757 үйді су басты. Эвакуацияланған 2822 адам уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, 3855 адам туыстарында. 7072 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалды.

Өкен тәулікте, тәуліктің түнгі уақытын қоса алғанда, қауіпті учаскелерде шамамен 5520 дана қап және 400 тонна инертті материал төселді, 51 305 м3 текше метр су сорылды.

Авариялық құтқару жұмыстарына 2087 адам, 315 техника, 73 су сору құрылғысы және 18 жүзу құралы жұмылдырылды.

Мүдделі қызметтер мен ұйымдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар – ЖАО, Қазсушар, Қазавтожол тәулік бойы жұмысты жалғастыруда.

«Жедел желі» телефоны жұмыс істейді, оған ақпараттық сипаттағы 166 қоңырау түсті.

1 сәуір күні ТЖМ вице-министрі Серік Төленбергенов пен «Amanat» партиясының басшысы Ербол Данағұлов Ойыл ауданына барып, гуманитарлық көмек жеткізді. Бұдан әрі гуманитарлық көмек Қоптоғай, Қарасу, Қараой және Сарбие елді мекендеріне жеткізіледі. Сонымен қатар делегация ауданның эвакуациялық пункттерінде болды. Қаратал ауылының маңын әуеден барлады, - деп хабарлайды Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖМ өртке қарсы қызметі төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев, ауданның әкімі Нұрлан Қызбергенов Ырғыз ауданына, сондай-ақ Қостанай облысының шекарасына аэровизуалды барлау жүргізіп, Торғай өзеніне бақылау жасады.

Ырғыз ауданының аудан орталығына ауыларалық жолдарды су шаюы салдарынан жол болмауына байланысты Нұра, Белшер ауылдары мен Қалалыкөл елді мекенінен 20 адам, оның ішінде 15 бала аудан орталығына эвакуацияланды.

Жалпы, халықты және аумақты су тасқынынан қорғау және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы