Ақтөбе облысында 4 мыңнан астам неке тіркелді

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистика дайындады.

Мемлекеттік корпорация 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды. 

Ақтөбе облысы бойынша осы аралықта 4606 (2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығында - 1715) неке тіркелді. Неке саны бойынша көш бастап тұрған Алматы, Астана және Шымкент қалалары.

Сондай-ақ 2023 жылдың шілдесінен бастап еліміздің 328 мың азаматтың тууы туралы дерек тіркелді. Аймақ бойынша 11 470 (4 айда 6 988) балаға туу туралы куәлік рәсімделді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы