Ақтөбе облысында 380 адам қызылша індетін жұқтырған

Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Ақпан айынан бері облыста 380 жағдай тіркелген. Оның 337-сі облыс орталығында орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл індетке шалдыққандардың 82 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. Эпидемиологтардың айтуынша, олардың көбі қызылшаға қарсы екпе алмаған. Оқу жылы басталғалы бері 17 оқушы ауырған. Дегенмен, жауаптылар мектептерді карантинге жабуға негіз жоқ дейді. Ондай жағдай тек тұмау өршісе ғана болуы мүмкін.

Оқушылар арасында тіркелген 14 жағдайдың 58,8 пайызы – екпе алмаған бала. Карантинге жабылған мектеп Ақтөбе облысында жоқ. Жалпы қызылша ауруы бойынша халықтың басым бөлігі, негізгі бөлігі қызылшаға егілген, - дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы