Ақтөбе облысында 350 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімі Асхат Шахаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысында биыл ауыл шаруашылығы саласында 10 айда 397 млрд теңгеге өнім өндірілген. Сондай-ақ, осы саланы қолдау үшін 14,5 млрд теңге бөлінген.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты шаруалардың мал азығы шығындарын өтеуге жергілікті бюджеттен қосымша 2,9 млрд теңге қарастырылды. 2023 жылдың 10 айында салада 397 млрд теңгеге өнім өндірілді. 

Мал шаруашылығы саласында төрт түлік малдың орташа есеппен 108% өсімі сақталды. Өсімдік шаруашылығында 747 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. 429 мың тонна дәнді-дақыл жиналып, орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерді құрады.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы техникасына қанша қаражат бөлінгенінде айтты.

Машина-трактор паркін жаңарту үшін ҚазАгроҚаржы арқылы 9,3 млрд теңгеге 910 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай отырған 350 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2026 жылға дейінгі бірлескен инвестициялық Жол картасына сәйкес, 502 млрд теңгеге 93 жоба жүзеге асырылады, - Асхат Шахаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы