Ақтөбе облысында 30 тонна шөп өртеніп кетті

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көсембай ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында жиналған шөптің жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер 150 шаршы метр алаңда өртті толығымен сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, - делінген министрлік хабарламасында.

Өрт орын алған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы