Ақтөбе облысында 30 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақтөбе облысында 30 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына сәйкес ЖШС-нің бірінің жайылымдық жер учаскелерінде мал басы жоқ екендігі анықталды. 

Учаскелердің ауданы 30 мың га құрайды. ҚР Жер Кодексінің 94-бабының негізінде ҚР АШМ ЖРБК-нің аумақтық департаменті ЖШС-тен жер учаскелерін алып қою туралы сотқа талап арыз берді. Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қанағаттандырылды. ЖШС-нің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды, жер учаскелері Қарғалы ауданының жер қорына енгізілді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы