Ақтөбе облысында 15 бала жол апатынан қаза болған
Ақтөбе облысында халықаралық маңызы бар жолдарда жол апаты қаупі жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ
Ақтөбе облысында халықаралық маңызы бар жолдарда жол апаты қаупі жоғары, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл Ақтөбе облысының халықаралық тас жолдарында орын алған жол-көлік оқиғалары салдарынан 95 адам қаза болып, оның 15-і балалар. Оның бір себебі – жолдың нашар жағдайы.
Ақтөбе облысы прокуратурасы Көлік министрлігіне заң бұзушылықтарды жою туралы қадағалау актісін жолдады. Қарау нәтижесінде, «Самара-Шымкент» тас жолына кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бас себепке – зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетпеумен байланысты.
Автомобиль тас жолдарында ұялы байланыстың жоқтығы және жол-көлік оқиғасы болған жағдайда білікті медициналық көмек көрсету мүмкінсіздігі өлімге әкеліп соғады. Аталған мәселені шешу мақсатында облыс прокуратурасының бастамасымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен арнайы комиссия құрылды, - делінген Ақтөбе облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.