Ақтөбе облысында 148 жасөспірім полицияға жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында 148 жасөспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ақтөбе облысының полицейлері «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Іс-шара 11-14 ақпан аралығында өтті. Осы күндері полиция бөлімдеріне 148 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін сыртта жүрген 138 жасөспірім бар. 

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 13 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ювеналды полиция инспекторлары 24 жасөспірім мен 19 қолайсыз отбасын есепке алды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға 28 материал жолданды. 

Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер кәмелетке толмаған баладан бір пышақ тәркіледі.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы