Ақтөбе облысы Полиция департаменті қайырымдылық шарасын өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Полиция депарменті Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі мен алдағы елорда күні мерекесі қарсаңында қайырымдылық шара ұйымдастырды.

 Ел тыныштығын күзету, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмыскерлерді құрықтауда тәртіп сақшыларының жауапкершілік жүгі мол. Осы жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген тәртіп сақшылары балалар үйінен 16 бала алып, тәрбиелеп отырған Жетесовтер отбасына материалдық қолдау көрсетті. Азық-түлік пен балаларға тәттілер үлестірді.

«Осындай патронатты отбасыларға қамқорлық көрсету бізде дәстүрге айналды. Бұған дейін де полиция бөлімшелері басқа да отбасыларға қолдау көрсеткен болатын. Біз қолдан келгенше жетім балаларға қамқорлық көрсетуді өзімізге парыз санаймыз» - деді Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары,полиция полковнигі Алтыншаш Жасанова.

Жетесовтер отбасы ризашылық білдіріп, отбасылық ансамбль мүшелері музыкалық аспаптарда ойнап, өнерлерін көрсетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы