Ақтөбе облысы Бесқопа ауылының тұрғындары эвакуацияланды
Бұл туралы ТЖМ ресми Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы сағатта Ақтөбе облысында Ақтөбе облысының ТЖД күшімен , 20982 ә/б, ЖАО, волонтерлермен ҚМ мен ҰГ тікұшақтарында Бесқопа ауылының тұрғындарын Бестамақ ауылының пункттеріне эвакуациялау жүргізілуде.
Барлығы 415 адам, оның ішінде 185 бала эвакуацияланды. Сондай-ақ 200 бас ірі қара және 300 бас ұсақ мал, 40 жылқы.
Сонымен қатар, елді мекенді қорғау мақсатында жағалауларды нығайту және өзен арналарын бұру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ешқандай қауіп жоқ, су толығымен жойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы