Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов 1987 дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2010 жылы – «Болашақ» бағдарламасымен Лондондағы Корольдік колледжін, 2011 жылы – Бизнес мектебін, 2013 жылы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінде бастап, ұлттық компанияларда түрлі лауазымда жұмыс істеген.

2016 - 2019 жж. - ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, Департамент директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.

2019 - 2022 жж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментін басқарған.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарып келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы