Ақтөбе мен Оралда тығылып той жасау толастар емес
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің батыс өңірлерінде карантинге қарамастан, тығылып той жасайтындар азаймай тұр. Мейрамхана қожайындары табыс табу үшін есік-терезелерін жауып, түрлі айла-тәсілге баратын болған.
Қазір тойлар бұрынғыдай кешке емес, күндіз өтетін болған. Мысалы, тапа-тал түсте ақтөбелік жас жұбайлардың мейрамханаға ешкімнен тығылмай, еркін кіріп бара жатқанын сол маңдағы тұрғындар байқап қалған.
Ал Оралдағы "Інжу" деген мейрамханада үйлену тойы басталмай жатып аяқталды. Ол жердің әкімшісі қонақтарды жасырын есіктен кіргізіп, көзге түспеудің амалын жасаған екен. Алайда, 60 адамға жайылған дастарханнан меймандар дәм татпастан үйлеріне қайтты. Оларды тексеруге келгендер таратып жіберген. Ал ұлының тойын өткізбек болған ата-ананы мейрамхана иелері "рұқсатымыз бар" деп сендірген көрінеді.
Енді олар карантин талабын бұзғаны үшін айыппұл төлейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан асты
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы