13 Тамыз 2024 2024, 15:21
Фото: скрин
"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" автожолы төрт жолақты болады
"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" автожолы келесі жылы төрт жолақты болып қайта жаңартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" автожолы келесі жылы төрт жолақты болып қайта жаңартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі күні "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы "Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ" автожолында орта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоспарланған 66,1 шақырымның 61 шақырымында жол жабыны жаңартылды.
2025 жылы осы жол учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары басталып, қазіргі ІІІ техникалық санаттағы жол І техникалық санатқа ауыстырылады. Жол пайдаланушылар үшін жаңа төрт жолақты жол салынатын болады.
Осы жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық филиалының Пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Нұрлан Серғазы баяндайды.