«Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары жаттығудан бас тартып жатқаны рас па?

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі осы мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Кейбір ақпарат беттерінде «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары қаржылық жағдайға байланысты жаттығудан бас тартып жатқандығы туралы мәлімет тараған. 

«Ақтөбе» футбол клубы көрсетілген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Ойыншыларға қаңтар және ақпан айларының еңбекақылары шартқа сәйкес алдағы аптада төленеді. Бүгінгі күні «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары жаттығудан бас тартқан емес. Керісінше алдағы матчтарға тыңғылықты даярлық жасауда және жеңіске жетуге бел бууда, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: fc-aktobe.kz
Өзгелердің жаңалығы