«Ақтөбе» Еурокубоктан қанша табыс тапты?

«Ақтөбе» футбол клубы 2025 жылғы маусымда УЕФА ұйымдастыратын екі халықаралық турнирге қатысып, жалпы сомасы 700 мың еуро (шамамен 432,5 миллион теңге) көлемінде табыс тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Ақтөбе» Еуропа лигасына бірінші іріктеу кезеңінен бастап қатысып, Польшаның «Легия» клубымен өткен екі кездесудің қорытындысы бойынша жарысты аяқтады. Осыдан кейін команда УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алған болатын, алайда Чехияның «Спарта» клубынан ұтылып, Еурокубоктағы жорығын тоқтатты.

Клуб Еуропа лигасына қатысқаны үшін 175 мың еуро, дәл осындай соманы Конференциялар лигасына қатысқаны үшін де алады. Сонымен қатар, Еурокубок кезеңінен шығып қалғаны үшін «Ақтөбе» қосымша 350 мың еуро көлемінде өтемақы алады.

Маусым соңында бұл табысқа телевизиялық және маркетингтік құқықтардан түсетін қосымша төлемдер де қосылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/fcaktobe_official
Өзгелердің жаңалығы