3 Тамыз 2026, 22:51
Фото: instagram.com/aktobe_airport
Ақтөбе әуежайы Ташкенттен алғашқы тікелей рейсті қабылдады
Жаңа бағыт екі қала арасындағы әуе қатынасын қолжетімді етіп, өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай Centrum Air әуе компаниясының Ташкент – Ақтөбе бағыты бойынша алғашқы тікелей рейсін қабылдады.
Жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды дамытуға, сондай-ақ екі ел азаматтарының қатынасын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Әуежай ұжымы Centrum Air әуе компаниясына серіктестігі үшін алғыс білдіріп, алғашқы рейстің жолаушыларын Ақтөбе жерінде салтанатты түрде қарсы алды.
Жаңа бағыт екі қала арасындағы әуе қатынасын қолжетімді етіп, өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.