Ақтайтын да, даттайтын да – халық. Министр өзіне қатысты пікірлерге жауап берді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желіде өзіне қатысты  жазба қалдырғандарға қатысты пікір айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде сізді журналистердің буллингіне ұшырады деп қорғаштаған блогерлердің жазбасы көбейіп кетті. Министр Саясат Нұрбек мырза жалдап жазғызған деген пікірлер айтылуда. Мұн растай аласыз ба? Президент бұл әдетті қойыңыздар деген сияқты еді, - деп сұрақ қойды Білім министріне.  

Министрдің сөзінше, ондай тапсырыс болмаған.

Біріншіден, ақтайтын да, даттайтын да – халық. Өзімнің тарапымнан ешқандай тапсырыс, тапсырма болған жоқ. Болуы да мүмкін емес. Қазіргі таңда министрліктің бюджеті де, шамасы да жоқ. Министрлік енді-енді құрылып жатыр. Сондықтан жағымды да жағымсыз да бұл тек жеке азаматтардың пікірі деп білемін, - деп жауап берді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы