Ақтаулық хакер мемлекеттік ақпараттық жүйелерін бұзған
Ақпараттандыру және байланыс саласында құқықбұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді.
Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды.
Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Суицидке итермелегендер 9 жылға сотталады
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы