Ақтаулық дәрігерлер басына жиһаз құлаған жәбірленушінің жағдайын айтты

Облыстық ауруханада науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен аптаның басында Ақтау қаласының 11-ші шағын ауданында №41 үйден өтіп бара жатқан адамға жиһаз тасталған болатын.

Ота жасау үшін Ақтауға Астанадан дәрігерлер баратын болды.

Науқастың жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер қажет шаралардың бәрін жасайды, - деді облыстық ауруханада.

Осы іс бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы