Ақтаудың бірнеше ауданында апатты жағдайда электр қуаты үзілді

Ақтаудың бірнеше ауданындағы үйлер апатты жағдайда электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Lada.kz хабарлаған ақпаратты «АЭжБУ» МКҚК баспасөз қызметі растады.

3, 12, 13 ықшамаудандардың тұрғындары электр қуатының өшіп қалғанына шағымданды.

«АЭжБУ» МКҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, апаттық өшіру себептерін анықтау үшін оқиға орнына кезекші топтар шықты.

Айта кетейік, 14 наурызда 19, 33 ықшам аудандарда электр қуаты апатты түрде үзілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Lada.kz
Өзгелердің жаңалығы