Ақтауды құмды дауыл басты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ақтаулықтарға шұғыл қажеттілік болмаса, көшеге шықпауға кеңес берді. Қаланы құмды дауыл басты.

ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, өңірде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланған.

4 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай болады деп болжанған. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында құмды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні секундына 15-20, күндіз 23-28 метрге жетеді. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды. Аса қажет болмаса көшеге шықпаңыздар, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы