Ақтаудағы ұшақ апаты: Тергеу қашан аяқталады?

Ақтау маңында апатқа ұшыраған "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясына тиесілі ұшақ бортына қатысты тергеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Журналистер Үкімет мүшелерінен Ақтау маңындағы апатқа ұшыраған Әзірбайжан ұшағына қатысты тергеу қашан аяқталатынын сұрады.

Вице-премьер AZAL "Қазақстанның әуе кеңістігінде емес, шектес аумақта, Қазақстанға қону кезінде болғанын" нақтылады.

Көлік министрлігі барынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Жабдықтың бір бөлігі әлі күнге шетелдік сараптамада, оның қорытындысы жақында шығады. Талдау сатысы аяқталуға жақын және соңғы есепке дайындық сатысына ауысты. Біраз шыдамдылық танытсақ, бірнеше айда соңғы есепке қолымыз жетеді, - деп жауап берді вице-премьер.

Сонымен қоса борттың қалай апатқа ұшырағаны туралы мәселені саясиландырмауды өтінді. Шындық жыл соңына дейін белгілі болады деп отыр.

Еске салайық, 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтауда ұшақ құлады

Ақтауда құлаған ұшақта 6 қазақстандық болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы