5 Қараша 2026, 16:44 Фото: видеодан скриншот

Еден жуушының шелегін тепкен директордың әйелі ме? – Ақтаудағы лицейде тексеру басталды

Ақтаудағы жекеменшік «Тұлпар» лицейінде болған жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеру басталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының білім басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқу орнында түсірілген бейнежазба тарап, қызу талқыға түскен еді. Жарияланымдарда әйелдің еден жуушының су толы шелегін аяғымен тепкені анық көрінеді. Сондай-ақ желідегілер оны лицей директорының жұбайы деп таныстырып жатыр.

Алайда әйелдің кім екені туралы сұрағымызды білім басқармасы жауапсыз қалдырды.

Басқарма бейнежазбадағы жағдайдың Ақтау қаласындағы жекеменшік «Тұлпар» лицейінде болғанын растады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қалалық білім бөлімі тарапынан арнайы комиссия құрылғанын айтты. 

Зерделеу барысында барлық тараптың түсініктемелері тыңдалып, жағдайға құқықтық және ұйымдастырушылық баға беріледі. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданылады, – делінген басқарма хабарламасында.

Әлеуметтік желідегі жарияланымда оқиғаға байланысты полицияға арыз түскені де айтылған. Бұл мәліметті нақтылау үшін BAQ.KZ тілшісі Маңғыстау облысының полиция департаментіне сауал жолдады. Алайда материал жарияланған сәтке дейін жауап келмеді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ И МАНГИСТАУ (@ladakz)