Ақтаудағы сән апталығында Томиристің образы ұлықталды

Ақтауда қазіргі заманға сай интерпретацияланған этникалық «Bozjyra Fashion Week» сән көрсетілімінің II маусымы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сән көрсетілімінде сақ-массагеттердің аты аңызға айналған патшайымы, салқар сахара жауынгер қызы Томиристің образы ұлықталды. Патшайымның есімі ұлы Парсы падишахы Кирді шайқаста ойсырата жеңумен тарихта қалған.Томирис патшайым көшпенді тайпалардың басын құрап, жауларына лайықты тойтарыс беріп, халқының бостандығын сақтай алған.

«Bozjyra Fashion Week» көрсетілімі арқылы тарихта өшпес із қалдырған түркі әлемінің нағыз батырлары туралы айтқымыз келеді. Бұл батырлар бүкіл халықты достықпен, бостандық рухымен, бір-біріне және түркі мұрасына махаббатпен біріктіре білген амазонкалар.Бұл маусымда қазақстандық және шетелдік дизайнерлер қатысатын үлкен Fashion Show өткіздік,-деді ұйымдастырушы Лурена Доскеева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша Bozjyra Fashion Week сән апталығының тағы да бір негізгі мақсаты өз істерін жаңадан бастап жатқан талантты дизайнерлерге қолдау көрсету.

Ақтау қаласында мұндай апталық ауқымды масштабта алғаш рет өтті. Бұл болашақта әлемдегі этникалық сәнге әсер ететін тұтас қауымдастық құра алатын түркі әлемінің брендтері мен дизайнерлерінің бірегей коллаборациясын құрудың тамаша мүмкіндігі. Біз күш біріктіретін шығармашылық брендтер үшін керемет креативті құруға құмармыз, - дейді PR-маман және «Collabo Me» шығармашылық коллаборация агенттігінің бас директоры Жамиля Хангельдина.

Сонымен қатар Қазақстандық зергерлік бұйымдар бренді премиум топтамасын алғаш рет көрсетті.

Бұл гаухар тастармен безендірілген таза күмістен жасалған шығарылымы шектеулі жаңа топтама. Өйткені, күміс - құнды металл, ал гаухар - ең бағалы тас. Біздің дизайн қазіргі қазақ әйелінің эстетикалық түйсігімен тығыз байланысты. Махаббат, өнер, дәстүрді әр әшекей өзімен бірге алып жүреді. Біз заманға сай интерпретацияланған тарихи тамыры бар әшекейлерді жасаймыз,- деді «Dimash Silver»зергерлік бұйымдар брендінің негізін қалаушысы Алтынай Әшірбаева.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қоғамдық коммуникация орталығы
Өзгелердің жаңалығы