Ақтаудағы мектепте 17 егіз оқиды

Ақтаудағы №12 мектепте 17 егіз бала білім алады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Соның 9-ы биыл 1-сыныпты аяқтайды. Бір-бірінен аумайтын бүлдіршіндерді бастапқыда бір сыныпта оқытпақ болған екен. Бірақ мұғалімдерге бәрін бірдей айыру қиын болатындықтан бірнеше сыныпқа бөлген.

Менің ойымша, егіз баққан оңай, жалғыз балаға қарағанда. Себебі, ешкімді іздемейді. Өздерімен өздері ойнайды. Киім алу жағынан кішкене қиындық болмаса, былай егіз баққан оңай. Екеуіне бірдей алу керек, бір алғанда, - дейді егіздердің әжесі Жұмазия Айтболатова.

Осы білім ордасында 1985 жылдан қызмет етіп келе жатқан мектеп директоры Жаннат Әнесова бүгінге дейін 30-дай егіз оқушының мектеп бітіргенін айтады.

Былтыр 1-сыныпқа 265 бала қабылданып еді. Сыныптарға бөліп жатырғанда қарасақ, 9 егіз шығып тұр екен. 12-сынып ашқасын соларды бір-бір сыныпқа бөліп отырғыздық. Ал жалпы қазіргі таңда оқып жатқан 17 егізіміз бар. Олар 3,4,5 және 8,9-сыныпта. 9-сыныпты егіз қыз бен бала бітіріп жатыр, - деді ол.

Білім ордасында 45 ерекше күтімдегі оқушы бар. Соның бірі – егіздер. Әлеуметтік қызметкер сыныпқа кедергі келтірмей, мүмкіндігі шектеулі балаға сабақ түсіндіреді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы