Ақтаудағы әуежай автотұрағында жаппай төбелес болды
Әлеуметтік желіде Ақтау әуежайының автотұрағында оқиға куәгерлері түсірген төбелестің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарияланған кадрларда бірнеше адамның бір адамға шабуыл жасағаны көрінеді.
Полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Олар оқиғаның 23 маусымда болғанын нақтылады, бірақ оқиғаның кадрлары енді ғана интернетте пайда болды.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төбелеске қатысы бар деген күдіктінің барлығы анықталып, жауапқа тартылған.
Олардың үшеуінің үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс материалдары жақын арада сотқа жіберіледі, – деп хабарлады полициядан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемде 300 миллионнан астам адам үйсіз жүр – БҰҰ
Келесі жаңалық
Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті қайта іске қосады
Өзгелердің жаңалығы