Бүгiн 2026, 08:32 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ақтауда жұмбақ жағдайда жоғалған ер адам ауылдан табылды

Ол ауылға ақша табу мақсатында жұмысқа кеткен.

Ақтауда бір апта бойы хабар-ошарсыз кеткен 38 жастағы Андрей Сотниченко Маңғыстау ауданына қарасты Жармыш ауылынан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік ПД мәліметінше, ер адам 4 наурыз күні түнгі сағат 02:00 шамасында табылған. Оны іздестіру барысында майор Бауыржан Айбеков анықтаған.

Полицияның хабарлауынша, Андрей Сотниченко тірі және жағдайы жақсы. Ол ауылға ақша табу мақсатында жұмысқа кеткен. Жақын арада Ақтауға оралатыны айтылды.

Бұған дейін оны таныстары іздеп, көршілері дабыл қаққан болатын. Облыс орталығының тұрғыны бір апта бойы байланысқа шықпаған.