Ақтауда жол қозғалысы ережесін бұзған блогер жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Lexus NX200 автокөлігімен орын алған құқық бұзушылық туралы бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарған. Сондай-ақ, автокөлік салонында балаларға арналған арнайы орындық қарастырылмағандығы анықталды.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен 27 жастағы азаматшаның жеке басы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қонақ үйлер, жер мен акциялар: Мемлекетке қанша қаржы қайтарылды
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы