Ақтауда жол ережесін елемеген екі баланы автобус қағып кетті
Ақтауда жолда келе жатқан екі баланы автобус қағып кетті. Мектеп оқушылары ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушісі бағдаршамның жасыл жанып тұрғанын хабарлады. Бұл кезде балалар жол қозғалысы ережелерін елемей, жолға шығып кетті.
Аяғы сынған бір оқушы медициналық көмек алғаннан кейін үйіне жіберілсе, екінші зардап шегушінің оң қолы сынған. Ол әлі күнге дейін Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімінде жатыр.
Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлiк құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзуы) бойынша хаттама толтырылды, - деп хабарлады полициядан.
Бұл бап бойынша тәртіп бұзушыға 40 АЕК (157 280 теңге) көлемінде айыппұл салынуы немесе тоғыз айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыруы мүмкін.