Ақтауда жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Қазір бұзақылық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
Бұзақылық жасады деген күдікті ұсталды. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Lada.kz редакциясы облыстық көпсалалы аурухана баспасөз қызметіне жүгініп, зардап шеккен қызметкердің жағдайын сұраған.
Фельдшердің миы шайқалған, көзінің айналасында параорбитальді гематома пайда болған. Сондай-ақ бетінде көптеген жарақат бар. Қазір ол амбулаториялық емге жіберілді, - деді ақ халаттылар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шілде айында қай өңірлерде құрғақшылық болады
Өзгелердің жаңалығы