Кеше 2026, 23:50
Фото: istockphoto.com
Ақтауда жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен: Әйел оқиға орнында көз жұмды
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен (абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтауда жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші қаза тапты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 7 сәуір күні сағат 16:15 шамасында 11А және 26-шағынаудандар арасындағы жолда, «Жігер» сауда орталығы маңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, 78 жастағы әйел жолды жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерде кесіп өтпек болған. Осы кезде оны «Skoda Octavia» автокөлігі қағып кеткен.
Ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен (абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл бап бойынша кінәлі тұлға 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылуы мүмкін.