Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде 7 жасар қызды көлік қағып кетті

Ақтауда 26-шағын ауданда жол-көлік оқиғасы орын алды. Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған қыз баланы қағып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық ПД мәліметінше, оқиға 4 қараша күні шамамен сағат 17:30-да болған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы («Жол қозғалысы ережелерін бұзу, адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан жағдайда») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабына сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін 40 айлық есептік көрсеткіш (157 280 теңге) көлемінде айыппұл немесе тоғыз айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы көзделген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы